Барокко өнері – Эпоха барокко. Как познакомить учеников с архитектурными стилями?

Барокко — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Барокко (италяндық barocco — әлеміш). — 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың 1-жартысында Батыс Еуропада дамыған архитектуралық стиль.

Барокко Қайта өркендеу дәуірінен кейін пайда болып, Еуропа архитектурасы ауқымынан асқан бірінші әлемдік стиль. Оның негізгі ерекшелігі — көрнекі салтанат, еңселілік, құрылыс жобасы мен қасбетіндегі күрделі формалар, мүсін мен архит. өрнектерді шамадан артық қолдану. Бароккода аумақты мүсін мен кескіндеменің ерекше дамығаны сонша, тіпті негізгі архитектуралық құрылыстың өзімен “тайталасып” қалатын кездері болған. Жалпы стильдік бағыт сақталғанымен, әр елдегі Барокконың өзіндік ерекшелігі болды. Мысалы, Италия архитектурасында Барокконың стильдік ерекшеліктері ғимараттың іші-сыртына бірдей сіңіп кеткен.

Барокко стиль ретінде, алдымен, Италияда қалыптасты. Өйткені, 17 ғасырдағы ірі шеберлер: архитектор әрі мүсінші, Италияның ең үлкен архитектор ансамблі — Әулие Петр соборының алдындағы алаңның авторы Л.Бернини, Сан-Карло шіркеуінің авторы Ф.Бароминни, Римдегі Санта Мария шіркеуінің авторы К. Райнальди, күрделі композициялық шешімге әуес, Туриндегі Кариньяно палаццосының авторы Г. Гваринилер осы стильде жұмыс істеді. Ал Францияда құрылыстың сырты классикалық қалпынан көп өзгермеді, бірақ ішкі әрлеуінде ерекше байлық, салтанат (Во Ле Виконт қорғаны, Версаль сарайының cоғыс және бейбітшілік залы) көз тұндыратын. Бұл кезеңдегі француз архитектурасына классикалық сыртқы түр мен Барокколық ішкі мазмұнды қарама-қарсы қою тән болды.

Тұтастай алғанда, Франция архитектурасы абсолютизм идеясын (Версаль сарайы мен паркінің жобасы) ашық білдірді. Испанияның сол кездегі әлеміш формаларға жақын тұрған архитектурасы Италия Бароккосын қабылдауға жайлы жағдай жасады. Мұндағы Барокко жетістіктері Х. Чурригердің және оның шәкірттерінің (чурригереск мәнері, яғни Чурригер енгізген ерекше әлемнің безендіру бөліктері) еңбектерімен тікелей байланысты. Бельгияда Барокконың дамуына Италия мен Испанияны көп аралаған атақты суретші П.П. Рубенстің үлкен ықпалы болды. Германияда бұл бағыттағы құрылыс 18 ғасырдың басында ғана өрістеді және оны осы елдердегі Барокконың жиынтығы деуге болады. Өйткені, елдің батысы мен Баварияға француз құрылысшылары, солтүстік аймағына нидерландтар, оңтүстігіне италиянлықтар қатты әсер етті. Барокко стиліндегі айтарлықтай сарайлар мен шіркеулер 17—18 ғасырда Чехияда да (Черн графтарының сарайы, Прагадағы Әулие Николай шіркеуі) тұрғызылды. 17 ғасырдағы төңкерістің әсері тиген Англияның классикалық архитектурасында да сол кезеңнен бастап Барокко белгілері қылаң берді. Барокконың әлемдік архитектуралық қазынасына қосылуына мемлекеттер арасындағы мәдени байланыстар мен отарлық үстемдік те (Америкада) әсер етті.

[1]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Қазақ Энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер[өңдеу]

"Барокко" ?неріні? ?нер тарихы - изо, прочее

«Барокко» стилінің өнер тарихы

Зерттеген: Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Сайпенова Амандык Тулегеновна

Қызылорда

Жоспар

І. Кіріспе.

а) Барокконың пайда болуы және шығу себептері.

б) Батыс Европа өнері.

ІІ. Негізгі бөлім.

а) Өнердің барлық салалары мен жанрларындағы барокко стилінің шарықтап дамуы.

б) Орыс өнеріндегі барокко.

в) Барокконың Ресейде қанат жаюы және өзіндік ерекшеліктері.

г) Орыс бароккосының іргетасын қалаушылар.

д) Киімдердегі және ұлттық киімдердегі барокко стилі.

ІІІ. Қорытынды.

а) Орыс өнері мен бүкіләлемдік өнер дамуындағы барокко.

б) Өнердің тарихи даму жолындағы барокко.

Барокко-қоғам дамуындағы феодалдық кезеңдегі ұлтқа, халыққа, топқа жіктелу кезеңінде пайда болған өнер стилі. ХVІ ғасырдың соңында Италяда жаңа ағым өмірге келді. Ол ағым «барокко» деп аталды. «Барокко» деген сөз «өзгеше» деген мағынаны білдіреді.

Тың ағым ғажайып өзгешелігімен, бас айналдырар шым-шытырық әшекейлерімен, адам ойлағанынан да асып түсетін безендірулерімен көрерменді таңдандырды. Бұл өнердің қызметін католиктік шіркеу иелері мен ел билеушілері (аристократтар) жақсы пайдаланды. Осы өнер арқылы олар өздерінің мығым да айбынды билігін, күшін көрсетіп, уағыздап бақты. Сондықтан да барокко өнері шіркеулер мен король сарайларында барынша өркендеді.

Қайта өрлеу дәуіріндегі көркем мәдениеттің, өнердің орнын басқан барокко бұрыннан келе жатқан қалыпты сұлулық туралы ой ережелерін өзгертіп өтті (канонға сәйкес емес). Фактура мен материалдың, жарық пен көлеңкенің контрасы және масштаб пен ырғақтық (ритм), ойдағы мен шындықтың ерекшеленуі, зәулімділігі, қозғалыс, көтеріңкі көңіл-күй, өткір де өтімді көріністер барокко стиліне тән қасиеттер. Өнер мен тұрмыстың барлық жанрларын қамтыған барокко стилі адамның елестету қабілетін өзінің күрделілігімен таң қалдырды. Қаладағы көшелер, орталықтар, цирк, усадбалар бір-бірімен бірлесе дамыған кеңістіктегі біртұтас көркем шығарма болып көрінеді (мемлекет басшылары аристократтардың тұрмысы тіпті ең төменгі сатыдағы қоғамдық тип шаруалар тұрмысына енген). Барокко кезеңінде тұрғызылған сарайлар мен церковтар (шікеулер), олардың керемет формада (пішінде) жасалғанын қасбеттері (фасадтары) бұрқыраған бояулар сияқты белгілі бір қозғалысты білдіре отырып, қоршаған ортамен тығыз байланысты. Түрлі-түсті мүсін, ою-өрнек, айналар, бояулы туындылар интерер үшін оның кеңістігін көзбояу арқылы кеңітіп тұрды. Тағы да қоғамдағы адамдардың орнын барокко стилі өте сәнді композициялар арқылы, діни аңыздық көріністер арқылы көрсетіп өтеді. Бароккоға тән портреттерде көркем бейнені әсерлеу (әсем етіп, үлгі тұтарлықтай ету), шындық, ой мен сезім материалдық формамен қатар жүреді. Барокко стилінің пайда болған жері Италияда ең алғашқы нышандарын осы майлы бояу мен сәндік өнерде байқауға болады. Оған мысал Караваджоның шығармалары. Мүсін өнері мен сәулет өнерінде Бернини шығармалары. Батыс Европа елдерінің қатарына Фландрия, Нидерланд және Испания жатады. Яғни Нидерландиядағы буржуазиялық революция барокко стиліне өз ерекшелігін енгізді. Бұған мысал: Рубенс, Ван Деик шығармалары. Испанияда ХVІІ ғасырда енгізілген ерекшеліктердің бірі реалистік (шыншылдық) бағыт. Испаниядағы барокко ерекшеліктерін Сурбаран, Рибера шығармаларынан байқаймыз. ХVІІ ғасырдың аяғында (рококо) стилімен үйлескен. Осы үйлесімді абсолюттік Германия мемлекеттері Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Хорватия, Литва т. б. Осы мемлекеттердің суретшілерінің шығармаларын көреміз. Ал Франциядағы ХVІІ ғасырдағы бастапқы немесе негізгі стиль (классицизм) болатын. Ал барокко болса ғасырдың ортасынан бастап осы классицизм стилімен біртұтас болып кетті. Барокконың өз бойындағы қасиеттерін шарықтата отырып әсерлеген жері Латын Америкасы болды. Ол қасиеттеріне сәнділігі, айқындығы жатады. Оны кейде ультрабарокко (өткір барокко) деп атаған. ХVІІ ғасырдың барокко стилі өз бойына жігерлікті көркемөнер дәстүрін қабылдайды. Бұл ерекшеліктерді мына ұлы суретшілердің еңбектерінен байқаймыз. Испания да-Веласкес, Голландия Рембранд, франс Галс (Халс) және т. б.

Барокконың Ресейде дамып, бекуі ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысына сәйкес келеді. Және де католиктік елдерге сәйкес ерекшеліктер-экзальтация және мистицизм жоқ болатын. Орыс сәулет өнеріндегі барокко ерекшеліктерін Растреллий, Ухтомский, Земцев сияқты суретшілер композицияларында байқаймыз. Оған мысал ретінде Петродворец, Царского Село секілді сәулет ескерткіштерін алуымызға болады. Барокко стилінің ерекшеліктері бірте-бірте рококо стилімен өзгертіле отырып, ХVІІІ ғасырдың аяғында классицизм стилімен алмасады.

Ең алғаш рет орыс еліне келген шет елдік сәулетші-Андреас Шлютер болатын. Ол бұл жаққа келгеннен кейін бір жыл өткен соң қайтыс болып кетті. Одан кейін екінші рет келуші Жан Батисть Леблон болды. Петродворецті ең алғаш бастап тұрғызушы осы Жан Батисть Леблон еді. Олар класицизмнің жалған элементтерін және Италиян бароккосын ала келген. Өзінің мақсатына жетіп, орыс сәулет өнерінің атын шығарушылардың бірі Растрелли болды. Оның орыс бароккосының стилімен салған сәулетті құрылыстарының бірі-«Қысқы сарай» болды. Қысқы сарайдың үстіңгі жағында иония және коринфтік ордерлер бар. Сарай қызыл, қызғылт сары, ақ кірпіштерден қаланған. ХVІІІ ғасырдың басында Строгановтың сарайы салынды. Смольныйдың жанында Воскресенский соборы (қыздардың тәрбиеленетін орны) болды. Үйдің жоғарғы бөлігіндегі өте сәнді формалармен безендірілуі және оның алтын түстес бес корпуспен аяқталуы Италия бароккосыменен орыс сәулет пішімдерін (формаларын) үйлестіре білуінің айғағы. Растреллидің кейінгі жұмыстарында сырт көрінісі алғашқы жұмыстардың пішінін сақтағанымен (мысалы: Қысқы сарай) интерердің көрінісі: фарфор, янтар бөлмелері, күміспен күптелген, алтынмен апталған бөлмелер рококо стилінің әдістерін байқатады. Кейінгі барокко стилін жалғастырған Кваренги болды. Мысалы: шағын Александровский дворец Эрмитаж театры.

ХVІІІ ғасырдың аяғында осылармен қатар орыстың өз сәулетшілері пайда болды. Олар: М. Ф. Казаковтың салғаны Москвадағы «Сот палатасы». Инженерлердің оқыған үйін тұрғызушы В. И. Баженов болды. Ал А. Н. Ворнихин болса, тау кендерін академияның үйін салды.

Мүсіндегі барокко стилінің негізін қалаушы Растрелли 2-ші болатын. Біз Петр патшаның атты мүсінін XVIIІ ғасырдағы орыс бароккосының туындысы деп атаймыз. Ол императрица Елазавиттаның кезінде құйылып, инженерлер үйінің оң жақ қабырғасына орналасқан. Оған дейінгі І Петр мүсінінің Екатрина патшайымының мүсінші Фальконе жасаған. Осы мүсіндер XVIIІ ғасырдағы орыс бароккосының ережелерінде пайда болған. Туындылар. Бұдан кейінгі орыс бароккосының мүсіндеріне Павел І-шінің бюстін жатқызамыз. Бұл мүсін Петербургтің эрмитаж залына қойылған. Осы мүсіндер туралы орыс суретшісі Гарабер былай деген екен. Бұлар XVIIІ ғасырға тән емес өнер туындылары. Себебі ел бейнелер аяусыз шындықпен бейнеленген, олардың психологиялық жан дүниесін халыққа ашып көрсеткен.

Декор – фасадта (касоетте), интерерде, сұйымдарда кездесетін сәндік эаттар. Оның көне стікпен, қоршаған ортамен байланысуы басты мақсаты. Қолданылыуына қарай декор: жәй және күрделі болып екіге болінеді. Декордың өнерде қолданылатын жаныры – сәндік өнер деп аталады. Ал сәндік өнер адамдарортасына көркем бейнелік ұғым әкелді. Сәндік өнер сәулет өнерімен байланысқан кезде зәулім сәндік (монументальді декоративтік) өнер болып есептелді. Оған сәулет құрлысының кабеттері: (фасандары, оның ішіндегі мүсіндер, витраж, ропис, рельеф (бедер) жатады. Олардан басеа күнделікті тұрмысқа қолданылатын, пайдалынатын сәндік өнер бұйымдарын қолданбалы сәндік өнер деп атайды. Олар: зергерлік бұйымдар, күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар. Қолданбалы сәндік өнер бұйымдарына сонымен қатар мынадай бұйымдар жатады: киімдер және киімдерге арналған әшекейлер.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қолданбалы сәндік өнер металды, ағашты, жүнді, сүйекті өңдеу арқылы ары қарай дами түсті. Бұндай классификасияға бөлінуі сәнді өнердің өндіріспен байланысуынан пайда болды. Қолданбалы сәндік өнер туындылары, яғни, бұйымдары өнердің басқа да түрлері сияқты қоғамдағ материалдық және рухани байлықты туғызудағы басты өнер түрі болды. Қолданбалы сәндік өнер бұйымдары адамдардың қоғаммен байланысын, кеністікті сұлулық сезіммен пайдалануын, адам мен табиғаттын байланысын анықтаудағы, ұштастырудағы кұрал болып табылады. Басқада өнер салалары сияқты сәндік қолданбалы өнердің материал сұлулығы, пропорционалдық сәйкестілік және бұйымға рухани көркем бейне ендіру сияқты өзіндік ерекшелігін байқаймыз. Сәндік қолданбалы өнердегі пайдалынылатын ассецациялау – қоршаған ортадағы пішіндермен теңестіру арқылы (күн, ай, гүл сияқты) көркем бейнені ашады. Сондықтанда сәндік қолданбалы өнер элементтерінің теңеуін таба орналасуы күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген қарапайым затта сәндік өнер туындысы етіп шығарады. Қолданбалы сәндік өнер бұйымдардағы жануар басы, аяғы, ал ыдыстардың белгілі бір аң, құс, өсімдік, адам тұлғасын қайталауы сәндік өнердегі-пальмент деп аталады. Декордың негізгі халықпен бұйымының көлемі мен ерекшелігі, оның көркемдік және қолданбалы жағын байланыстыру шартандыру (стилизациялау) әдісіне әкеп соғады. Бұл өнердің басқа өнер түрлерінен ерекшелігі, оның бойында көркемді және қолданбалықтың бірігіп кетуі. Осы сәндік өнер туындыоарындағы фактура, пайдаланатын әдістің көптігі. Адамның сана-сезімі не эстетикалық әсер етудегі ыңғайлы құрал. Адам және қоғам дамуының ең алғашқы сәттерінен пайда болған қолданбалы сәндік өнер түрі көптеген тайпалар мен халықтар үшін көркем шығармашылықтың ерекше бір түрі болып табылады. Қолданбалы сәндік өнер туындылары адам туралы, қоршаған орта туралы т. б. ойлардың жиынтығ болып табылады. Сәндік қолданбалы өнер дамуының осы тенденсияциясы (ағыны) халық шығармашылығында қатаң сақталды. Сәндік өнердегі ең негізгі бастаушы бір бұтағы-ол үстем тап иелерінің талғамына көзқарасына сәйкес қызмет ету. Дегенмен ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданбалы сәндік өнер шеберлері өзіне тән біртұтастықпен ойлау қабілетін сақтай білген. ХІХ ғасырдан бастап әр түрлі өнер жанрлары, салалары пайда болғанына байланысты сәндік өнердегі бұрынғы заңдылықтар жоғалтылады. Бұған қоса қолданбалы сәндік өнер туындыларының жасалуын өндірістік жолмен шешу туындылар бойындағы көркем әдебиетінің біртұтастығы, шығарманың мазмұндылығын әлсіретті. Дегенмен өндірістің араласқан дизайнын пайда болуына әкеп соқты. Содан кейін сәндік қолданбалы өнерде гобелен, батик, чиканка (шөкіме), хрусьтал, ойыншық (игрушка), теснение (теріні бедер түрінде ойлап, өрнектеу) пайда болды.

Зергерлік бұйымдар өте кең және ертеден келе жатқан сәндік өнер түрлерінің бірі. Өзінің даму жолында зергерлік бұйымдар тұрмыстың күнделікті өзгеріп отырған шарттарымен тығыз байланысып өз иелерінің қоғамдағы орнын белгілі бір белгі түрінде және сыйқырлы күштермен әсер еткен. Өзінің тарихи дамуында зергерлік бұйымдар көбінесе ХХ ғасырдың басына дейін қоршаған орта мен адам қатынасының сұлулығын, әсемдігін айта отырып жаңа металды немесе бастапқы материалды өңдеудегі аса шеберлікті отырған. Ежелгі Египет жеріндегі өз дамуының ең бір жоғарғы даму сатысындағы болған зергерлік бұйымдар тек қана әсемдік қана емес, сонымен қатар адам туралы ойды әсерлей айтудағы материал есебінде ежелгі Египетте құнды материалдармен табиғи асыл тастар (изумруд, рубин, аметисть), табиғм шынылар болған. Бір-бірімен контраст (қарама-қарсы) түрінде келген ежелгі Египет туындыларынан түс байланысыменен, байсалдылығымен, қарапайымдылығыменен өзінің ерекшелігіменен адамды сүйсіндіре білетін Қос өзен (Ефрат, Тигр) Эгей өнерін (ежелгі этрустар) мысал етуге болады. Бірнеше кезеңдердегі даму сатысынан тұратын ежелгі Грекия зергерлік бұйымдарында ең бір әсем түс ретінде көмескілеу келген алтынның түсі (матоной) болса, ал ежелгі Рим, Илинизм зергерлік бұйымдарында әр түрлі металл түстері басым болған. Шығыс елдеріндегі зергерлік бұйымдарда өсімдіктер әлемінен алынған ою-өрнек композициясы (құрылымы) басым, және де сонымен қатар алтын мен күмістің орнын қола металл ауыстырады. Бұлармен қатар өз ерекшелігімен орта ғасырдағы Үндістанның зергерлік бұйымдарыда көзгетүседі. Онда асыл тас ретінде кеңінен қолданылған тастың түрі алмаз болатын. Орта ғасырдағы зергерлік бұйымдарда эмаль (еріген тас) мен агат сияқты тастардың үйлесімділігі басым болған. Бұлардың құны алтын сияқты металмен тең келген. Ондағы ою-өрнек композицияларындағы элементтері жануарлар дүниесінен алынған. Византия зергерлік бұйымдарында өте жұқа қабатпен үстінен өтілген эмальмен қапталған. Ал Роман және Готика кезеңдеріндегі бұйымдарда өте сирек кездесетін ағаш түрлері қолданылған. Қайта өрлеу дәуіріндегі зергелік жұмыстарда алтын, күмістер көптеп кездескен. Алтын, күмістердің құндылығын, қажеттілігін айтпай, оны өңдеу шеберлігін бірінші орынға қойған. Онда бедерлер жасалып, эмаль қосылған. ХV-ХVІІІ ғасырлар арасындағы Европадағы бұйымдарда эмаль, алтын, күміс т. б. қымбат материалдарды пайдалана отырып, зергерлік бұйымдардағы колориттің, бояулардың мән-мағынасы алдыңғы қатарға шыққан. ХІХ ғасырдағы «рококо» стиліндегңі зергерлік бұйымдар сырт көрінісінің ерекшелегімен, әсерлілігімен ерекшеленген. ХІХ ғасырдың орта шегінен бастап зергерлік бұйымдарды жасауда машинаның араласуына байланысты жасалу тәсілдері, қолданылатын материялдар жеңілдетіледі. Мысал: бағалы тастардың орнына шыны, малахит (тау тасы) қолданылды.

ХХ ғасырдағы зергерлік бұйымдар адам өміріндегі белгілі бір проблемалық сұрақтарға жауап бергендей композитция түрінде жасалған. ХХ ғасырдың зергерлік өнері адам дамуындағы ойды көрсететін, уағыздайтын өнердің түрі болып таблады.

ХІ-ХІІ ғасырдағы орыс өнеріндегі зергерлік бұйымдар өз ерекшеліктерін көзге көрсетіп, таң қалдырады. Ол кезде құнды, қымбат металдардан куу әдісі көп қолданылса, ХІІ-ХІІІ ғасырда алтын және күміс металдардың алмастырыла пайдаланылуымен иконалар евангелия т.б. діни кітаптардың түрлері зергерлік бұйымдарға жатқан, яғни осы заттарда зергерлік бұйым туындылары болып ессептелген. ХVІ ғасырда зергерлік бұйымдардың ең бір дамыған ортасы – Москва. Негізгі ерекшелігі бұйымдарды эмалдау, металды ою, шеку (шеканка), металға белгілі бір түс беру. ХVІІІ ғасырда орыс өнеріндегі зергерлік бұйымдардағы стилдер (орталығы Петербург болған) Батыс Европа елдерінің стилдеріне ұқсауымен ерекшеленеді. Жергілікті жердің зергерлік бұйымдарының ерекшелігі (ұлттық ерекшелігі) ескерілмеді. Москва, Петербург қалаларында, аймақтарында алтын және күміс өңдейтін фабрикалар пайда болды. Жоғарғы дәредедегі құндылығымен аты шыққан, аты тарихта қалған – Фабор фирмасы.

Жежелден келе жатқанбсатапқы негізгі сұраныс адам денесін орап тастау емес, мүмкіндігі келгенше дененің қимылдауына өте қолайлы жағдай жасаған. Солтүстіктен және Шығыстан келген халықтардың киімі ретінде қаттылау матадан тігілген шалбар мен жейде қолданылған. Европадағы «роман» кезіндегі киімдер жайлы түсініктер киім үлгілерінің сақталуына байланысты аздық етеді. Тек киім үлгілеріне жоғарғы топ адамдарының, феодалдарының, серілерінің (рицарларының) киімдерінің әсері болғанын байқаймыз. Мысал: қысқа шалбарлар – бтэ, жейделер – шенс және оның үстін бастырып киетін, денеге жабысып тұратын киім – блио. Сырт киім ретінде плащ болатын болса, ал шенс пен блио әр түрлі сорттағы матералдан тігілген. Ал әйел киімдерінің үлгісінен Рим және Византия киім үлгілерінің әсерін байқаймыз.

ХІV- ХV ғасырлар Батыс Европадағы сызу дағдыларының дамуына байланысты неше түрлі киім түрлерін экелді. Олардың кейбіреуі осы кезеңге дейін кліп жетті. Киім үлгілірін даярлау, матаны пішу болашақ өте әрлі келген киім түрлерін пайда болуының негізін қалады. ХІV- ХV ғасырдағы ер адам киімі – жеиде және қысқа жеңсіз ипон және өте тар, аяқ пішінін қайталап тұратын шалбардан (шоссы) тұратын. Ал сырт киімдер киімдер үлгісіде дені пішінін көрсеткендей жабыса иігілген (котарди). Солармен қатар ХІ ғасырда жең үлгілері жоғары қарай кеңей түскенін байқаймыз. Әйелдер киімдері белдіктің жоғарлауыменен, көйлек ойындысының терең болуы және жалпақ жағадан, өте тар келген ұзын жеңнен, тек қана сол жағында орналасқан белдемшедегі қатпарлар арт жағына қарай жиналып шлеифке (юбканың салбырай шұбатылған етегі тәрізді) бекітілген. ХV ғасырдың ортасындағы «готикалық» стилдегі киім лгілерінің негізгі ерекшелігі дене пішінінің пропорцияларының ұзартылуында болды. Конус пішіндес бас киім (әйелдерде оның биіктігі 70 см жетті) мен майысқақ қозғалмалы үшкір тұмсық аяқ киім үлгілері адам бейнесін ұнамды етіп көрсетумен қатар қозғалысын жылдамдатқандай болды. Шаруалар киімдері готикалық стилддің кейбір элементтерін ғана қабылдаған.

Италияда «Қайта өрлеу» кезіндегі киім үлгілері өзінің ұстамдылығынан ірі формалар мен пропорциялардың байланысы көрінген кезде тұрақтылық және зәулімділік ұғымыменен ерекшеленеді. әйел киімдеріне тән қасиет белділіктің өз орнынында орналасуы, өте кең келген жөн, төгіле түскен әдейі жасаған қатпарлардың молдығы әйел бейнесіне салмақтылық бергендей. Бұл ұғымды материялдың түрлері және түстері де қоса айтады. Мысалға ол маталардың қатарына атлас, барқытты жазуға болады. Ал түстер үйлесімділігіне қызы, жасыл және көк түстердің байланысы кіреді.

ХVІ ғасырда Европада (Испанияда) әйел киімдерінің негізін темірден жасалған каркастар құрады. Ер киім үлгілерінің негізін ирек қыртысты (гофрированный) үлгіде жасалған тік жаға, күртеше орнына қолданылған төмеңгі жағы кеңдеу келген (хубон) және ұзын күртеше орнына киілген (ропилью), оның жеңі (алдамшы, яғни қапталынан ұзынша тілігі бар жеңді болған), өте қысқа келген шалбарлар – кальсес болған. Кальсесетің ішіге мақта немесе жылқының құйрық, жалын тығу арқылы дөңгелете томпитқан. Бұл киім үлгілері адамның қозғалмалы қабілетін тежеп, белгілі бір қимылға бара алатындығын көрсетті. Ал сырт киім үлгілерінің бірі – плащ болып саналған. Бас киім үлгісіндегі берет болса, ХVІ ғасырдың ортасында шляпамен алмастырылады.

ХVІІ ғасыр киім үлгілері бойынша қарыштап дамыған кезең болды. Сол дәуірдегі өте бір алдыңғы қатарда болған Батыс Европа елдерінің бірі Франция. Бұнда патша сарайындағы әдет – ғұрып, үрдіс өте қатаң сақталынды. Барлық киім каркастары алынып тасталды. Ер адам киімдеріне орнын соған ұқсас киім – пурпуен басты. Пурпуеннің хубоннан ерекшелігі жағасының құламалы болып тігілуінде еді. Шалбардағы ерекшелік – шоссының тізеден сәл төмен тұстан қысқарып, әрі қарай жібек шұлықпенен жалғасып етік немесе тақалы туфлейменен аяқталуында болды. Мұндай пішіндер мен түстер байланысы киімдердегі үйлесімдіктерді байқатты. ХVІІ ғасырдың ортасында пурпуен қысқаша жеңсіз күртеше брасьермен алмастырылды. Ал шалбарлар түрлері белдемшеге ұқсап кеңейіп, төменгі жағы шашақпен безендірілді (ренгравы). Міне осы киім үлгілеріндегі ерекшеліктер барокко үлгілеріне тән қасиеттер. Бұдан кейін ХVІІ ғасырдың аяғында өнердегі классицизм стилінің ағымын байқаймыз.

ХVІІ ғасырда киім үлгісі жағынан сарай маңындағы әйел киім үлгілері назар аудартады. ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы ер киім үлгілеріндегі негізгі бір ерекшелік шалбардың екі қапталындағы қатпарша оның әйел киіміне ұқсатты. Киімдегі бұл өзгеріс рококо стиліне ғана тән қасиет еді. Уақыт өткен сайын киім үлгісінде өте кең формалардан, қатпаршалардан жинақылыққа, дене пішінін айқын көрсетуге ұмтылыс пайда болды. Бұған ХVІІІ ғасыр киім үлгісінің бірі – фрак (артқы жағы ұзын пиджак) мысал бола алады. Фрактың ең алғаш пайда болған жері Англия блатын. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында сырт киім түрлері көбейе бастады. Алғашқы пальтолар – рединготтар (ұзын сюртук тәрізді) осы кезде шықты. Мысалға алатын болсақ, Шерлок Холмстың киносындағы киімдерді айтуға болады. Жәнеде сонымен қатар екі қатарлы түмелі, кең жалпақ жағалы каррик пайда болды. Барлық киімдерді жібектен, барқыттан тікті. Қысқы мезгілге арналған сырт киімдер сукнодан (зығыр өсімдігінен алынған талшықтан тоқыған кенеп) тікті. Олардың түстері ашық, айқын, қанық болып боялды. ХVІІІ ғасырдың аяғында киім үлгілеріне әуелі ашық, сосын қоңырқай түсті жүн маталары пайдаланылды. Сонымен қатар сол кездегі болған революция әсерінен киімдердің үлгілеріндегі «якобин» әлементтерін байқаймыз. Олар тізеден төмен түскен кең келген шалбар, қысқа ғана күрте – карманьолы, қалпақ және кеңдеу тігілген жейде міндетті түрде галстугіменен (шалма секілді) болды.

ХІХ ғасырда бүкіл Европа елдерінде жалпыға ортақ киім үлгілері пайда болды. әйел киім үлгілерінің қайнаған ортасы Франция болса, ерлер киім үлгісінің ортасы Англия болды. Мұндағы ер киім үлгісінің элементтеріне – цилиндр шляпа және қолғап кірді. Киімдер жүн матадан тігілді. Олардың түстері де күнделікті жұмыстарға сәйкес өте ашық немесе қанық емес, тұрақты болып келген. ХІХ ғасырдың жоғарғы топ адамдары визиткасы ертіндекиімдегі триода (үштік): пиджак, жилет, шалбар болды. Осы кезеңдегі әйел киімдері әйел бейнесіне бейазылық, жөнділік берген. әйел киімдеріндегі жеңнің жоғарғы қарай кеңейіп, төменгі жағы жіңішкеруі, тарылуы, белдемшенің кеңдігі, аяқ киімдегі тақаның жоқтығы, аяқ киім тұмсығының төрт бұрышты болып келуі әйел киіміне жеңілділік, нәзіктік әкелді. Шамамен 1870 жылдары ең алғаш рет Парижде «Сән орталығы» ашылды.

ХХ ғасырдағы техникадағы прогресс адам тұрмысының өзгеруі киім үлгілерінің тарихына өз үлесін қосты. Мотоцикл мен автомобил жүргізушілеріне арналған қысқа куртка, түрлі – түсті көйлектер және күнқағарлар (кепкалар) пайда болды. 1910 жылдан бастап ер адамдар қалыптасқан киім үлгілерін пайдалана бастады. ХХ ғасыр ортасында спорттық киім үлгілері шықты. Жүзу, жүгіру, шаңғы тебу, т.б. спорттық киім үлгілеріне арналып жасалды. Киімдегі негізгі принциптердің бірі – функционализм басым болды (барлық киім үлгілерінің қарапайым және өте ыңғайлы болып келуі). ХХ ғасырда өлшемдер әр бір жылға сәйес өзгеріп отырды (ұзындығы, кеңдігі, т.б.) 70 – ші жылдары арнайы қызмет түріне немесе әскери киімге ұқсас «сафарин» стилі шықты. Киім үлгілерінің дамуындағы ең соңғы пайда болған стиль «жастық стилі» болды.

Орыс киім үлгілері Х ғасырда христиан дінін қабылдаушы мен байланысты дамыды. Сонымын қатар орыстар Византиядан киім үлгілерін қабылдады. Оған дейінгі шаруа киімі кенеп матадан тігілген жейде, өте кең емес шалбар, аяқ киім орнына теріде. Жасалған және шиден тоқылған шарық болды. ХVІ ғасырға дейін Византиядан алған үлгі өз пішіндерін талай өзгерістен өткізіп келді. ХV ғасырдан бастап орыс киім үлгілеріне бояр киім үлгілерін мысал етуге болады. Бұл киім үлгілері адам бейнесінде сән – салтанатты, ұлылықты көрсете отырып, ою - өрнекпен, сәнді безендірумен тығыз байланысты. Сәнді безендіру деген ұғымға киімдегі түстердің байланысы әсер етеді. Түстерге өте ашық, бір түстің үстіне екінші түсті бедерлі кестелер, меруерт тастар, әр түрлі пішіндегі түймелер және басқада асыл тастар кіреді. Сыртқы киімдердің бірі – армяк (пальто сияқты). Армяктың төменгі жағы трапеция тәрізді болып келеді. Кафтан – ұзын жеңі бар, алдыңғы жағы қаусырынып келген шекпен секілді киім. Хабенка – төрт бұрышты иықта жата орналасқан жағалы келген киім. Фериязь – алдыңғы жағында екі қатарлы түймелері бар киім. Ал сол кездегі бас киімдер бағалы аң терісінен тігілген биік цилиндр пішінді бас киім. әйелдер киіммінен мысалға кең көлемде дамыған сарафанды алуға болады. Сонымен қатар сырт киімдері ұзын, кең келген тік жағалы тондар мен летник (салтанатты жағдайларда киетін өте ұзын, етегі кең, жеңін бойлаған тілігі бар сырт киім) болды. Сонымен қатар ерге шыққан әйелдердің бас киімдерінің түрлері өте көп. Кичка – оңтүстік губерниялардағы бас киімнің түрі. Качканың алдыңғы жағынан қарағанда мүйіз және күрекке ұқсас болып келеді. Кокошник – алдыңғы жағынан қарағанда тараққа ұқсайтын, солтүстік губернияларда кең тараған бас киім. Бұл екі бас киімді де паршамен (алтын және күміс түстес маталар) қаптайтын болған. Аяқ киімдердің еңбір кең тараған түрі – түсті теріден тігілген өкшілі, тұмсықтары қайқы болып келген.

ХVІІ ғасырда орыс жеріне келген шет ел адамдарының әсерімен І Петр патшаның киім үлгілерін өзгертуімен аяқталды. Жергілікті шаруаларда киім үлгісі сол күйінде қалғанымен, жоғары топ адамдары аристократтарда Батыс Европаның сәнді киімдерімен алмастырылды. Киімдегі Европадан келген үлгілер ер кісілердің киімдеріндегі пиджактың пайда болуыменен, ал әйелдерде қызметке арналған өте қарапайым да қатаң үлгілерімен ерекшеленеді.

1917 жылы Ұлы Октябрь революциясынан кейін киім үлгілерінің өте кең тараған түрлері: галифе шалбарлар, гимнастеркалар, буденовка шлемдер (дулыға тәріздес бас киім түрі), әскери үлгіге арналып кенептен тігілген көйлектер, әйелдер киіміндегі қызыл қиықша – косынка болды. Москвада сол киімдерге арналған (Халық Коммиссарлар Кеңесіне арналған) шеберханалар болған. Бұндай шебер ханалардың ең бір басында болған суретші Ломанава болатын. Бұл шеберханалардың ұстанған негізгі принциптері, демократиялығы (әйел, ер киімдерінің ұқсастығы). Мысалы: шалбар (қарапайымдылығы матанаң шартты аз бөлшерде үнемділігі еді). Дегенмен алғашқы кездегі тігу әдістерінің әлсіздігі, дамымандығы алғашқы модельерлердің ойын іске асыра алмады. Тек 1934 жылы Москва қаласындағы алғашқы шағын тігін фабрикалары белгілі бір жетістікке жетті. Экономикадағы сұраныс пен жетістіктер матаның сан алуан түрлерін шығарды. Соның ішінде трикотаж, химиялық маталар түрлері, мақта мата түрлері пайда болды. Теріні өңдеу арқылы арнайы бас киімдер фабрикалары да пайда бола бастады. Кеңес модельерлерінің 1934 – 1940 жылдарындағы негізгі бағыттарының бірі (тенденциясы) этонграфизм еді. Яғни бұл сәнді киімдерде ұлттық (орыстарда) өрнектердің нақыштардың пайдаланылуы еді. Бұл киім үлгілерінде көзге жарқырай көріну жоқ. Бұл киімдер ыңғайлылығымен, тігілуінің тездігіменен ерекшеленеді. Дегенмен матаның түрі, фактурасына киім үдгісінің сәйкес келуі осы модельер дизайнерлердің кейбір киім үлгілерінің әлі күнге дейін сақталып келуі бұған айғақ бола алады.

Сәулет өнерінің барокко стилі

Сәулет өнерінің барокко стилі

Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко стилінің басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі әлеміштермен өрнектеледі, сәулетші мүсінші сияқты кең тыныспен, қиялға еркін беріліп жұмыс істейді. Еуропа елдерінде 17 – 19 ғасырларда классицизм стилі дамыды. Бұл бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы мен ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған. Шығыс архитектурасының тарихы біздің заманымыздан бұрынғы мыңыншы жылдардан басталады. Үндістанда мінажат үйлерінің сәулетті нұсқалары: ступалар, үңгір-ғибадатханалар және жер үсті ғимараттары салынды, зәулім сарай кешендері пайда болды. Үнді архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің әсемдігімен және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. Олар: біздің заманымыздан бұрынғы 1000 ж. салынған Каджураходағы, 14 ғасырда салынған Танджордағы ғибадатханалар. Қытай архитектурасының басты ерекшелігі өз елінің сенім-нанымынан туып, тұрмыс-тіршілігіне және табиғатына сай келеді. Жалған монументалшылдық пен бос әлеміштер кездеспейді. Әр тетік лайықты орнында тұрады, бар нәрсенің қолданыс табуы ақылға сыйымды. Әлемге әйгілі Ұлы Қытай қорғаны біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда салынған, Цзяюйганьнан (Ганьсу провинциясы) Ляодун шығанағына дейін созылған. Ежелгі Жапония архитектурасының жетістіктері ғибадатхана кешендерімен байланысты. Атап айтқанда олар: Нарадағы (көне астана) Хорюдзи (7 ғасыр), Якусидзи (7 – 8 ғасырлар), Удзидегі Бедоин (11 ғасыр), Киото қаласының түбіндегі Дзиседзи (15 ғасыр) ғибадатханалары. Бұл көне құрылыстардың кейбір композициялық құрылымы 14 – 18 ғасырларда өз жалғасын тапты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап, 20 ғасырдың басында әлемде өндірістің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты фабрикалар, зауыттар, электр стансалары, вокзалдар, аңғарлар, гараждар, элеваторлар салынды және банктер, биржалар, фирмалар жұмыс істей бастады. Қалаларда көп қабатты үйлер бой көтерді, театрлар, музейлер, ауруханалар, ғылым және оқу ғимараттары салынды. Құрылыс техникасының дамуына байланысты бұл кезеңде металл, әйнек, темір-бетон кеңінен пайдаланылды. Үлкен кеңістіктерді жаба алатын, зәулім үйлер тұрғызуға мүмкіндік беретін жаңа жүйелер мен тәсілдер туды (ірі блокты, ірі панельді қабырғалар, тақия-күмбездер, ванттық құрастырмалар, т.б.). Инженер Александр Эйфель металдан 1889 ж. биіктігі 312 м Эйфель мұнарасын орнатты. Америкада көп қабатты зәулім үйлер пайда болды. Алғашқы биік үй 1880 ж. салынды. 55 қабат «Булворт-билдинг» 1913 ж., 77 қабат «Крайслер – Билдинг» 1932 ж. салынып бітті. 30-жылдардағы ең биік (380 м) 102 қабат «Эмпайр стейт билдинг» ұзақ уақыт биіктігі жағынан 1-орында тұрды. 1971 – 73 ж. Нью-Йоркте архитектор Минору Ямасакидің жобасы бойынша Халықаралық сауда орталығының призма тектес екі үйі іске қосылды (биіктігі 412 м, 110 қабат). Қазіргі әлемдегі ең биік ғимарат – «Сирс-Орбак» Чикагода, биіктігі 442 м, 109 қабат. Дүние жүзі архитектурасының дамуында көптеген бағыт болды: конструктивизм, функционализм, метаболизм, модерн, халықаралық стиль, органикалық архитектура, рационализм. 20 ғасыр архитектурасының дамуына зор үлес қосқан Огюст Перре бірінші болып қаңқалық құрылымдарды, темір-бетонды қолданды, құрылысқа стандарттауды және өнеркәсіптік әдістерді кіргізді. Италия инженері әрі архитектор Пьер Нерви армоцементті ойлап тауып, темір-бетонды тиімді және көркемдік тапқырлықпен пайдаланды. Ол Римде Спорт сарайын, Флоренцияда еңселі биік стадионды салды. Функционализмнің негізін қалаушылар Вальтер Гропиус пен Мис ван дер Роэ «Баухауз» көркем құрылыс мектебін басқарды, архитектуралық формалардың қалыптасу заңдылығын зерттеді. Америка архитекторы Франк Райт органикалық архитектураның (Пенсильваниядағы «Су үстіндегі үй», Нью-Йорктегі «Гуггенхейм» музейі) негізін қалады. Француз Ле Корбюзьенің архитектура тарихында алатын орны өте зор (Роншандағы капелла, Марселдегі тұрғын-үй, Чандигархтың жобасы, ондағы тұрғын және қоғамдық үйлер). Жапон сәулетшісі Кэндзо Тангэ жас кезінде Ле Корбюзьенің әсерінде болған, кейін өз жолын, шеберлік арнасын тапты. Оның Олимпиялық спорт кешені «Йойоги» 22 мың адам сиятын стадионнан, төрт мың адамдық жабық спорт залынан тұрады. Бұл спорт кешені мүсіндік сұлулығымен, батыл инженер-конструкторлық шешімімен, көлемінің динамикасымен ерекше көзге түседі. Тарихшыларымыздың айтуынша қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 600-ден астам неолит және энеолит дәуірінің ескерткіштері мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрағы деп төрт түрге бөлінеді. Орталық Қазақстанда да кромлехтер, менгирлер, дольмендер болған. Бұлардың қойылу ретінде де Мысырдағы, Орталық Америкадағы құрылыстар сияқты астрономиялық заңдылықтар ескерілгендігі, сол кездегі діни-нанымдарға орай салынғандығы байқалады. Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта тиграхауда сақтары тайпаларының үлкен тобы қоныстанған. Олар Қазақстан жерінің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін толық игерген. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері аңғарларында көптеген үлкенді-кішілі обалар шоғырланған. Биіктігі 20 м-ге дейін жететін «патша» обалары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда өте көп. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырға жататын Бесшатыр қорымынан («сақ пирамидаларынан») бөренелерден тұрғызылылып, жақсы сақталған ірі құрылыстар табылды. Бұлар Орта Азия мен Қазақстанда ағаштан салынған сәулет өнерінің ең ежелгі бірегей ескерткіштері болып табылады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық таспен және топырақпен жабылған. Үлкен обалардың диаметрі 45 м-ден 105 м-ге, биіктігі 6 м-ден 18 м-ге дейін жетеді. «Алтын адам» табылған Есік обасы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Біздің заманымыздың 6 – 7 ғасырларында керуен жолының үстінде, Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам (Исфиджаб) Отырар, Сығанақ, Құмкент, Созақ, Алмалық сияқты ірі қалалар, Ақыртас, Баба Ата, Ақсүмбе сияқты қорған-бекіністер болған. Оңтүстік қалалары бекініс, шаһристан, рабаттан тұрған, су құбырлары болған. Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендері бойынан 10 – 11 ғасырларда өмір сүрген алпысқа жуық қалашық орындары анықталды. Бабаджа хатун күмбезі, Айша Бибі мазары, Жұбан ана күмбезі, сәулет өнерінің күрт дамығанын көрсетеді. Қарахан әулеті тұсында Алаша хан күмбезі, Жошы хан күмбезі, Аяққамыр күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі 10 – 14 ғасырлардағы Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін танытады.   Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. 18.10.2013

2013-10-18 03:43:54

8853

Барокко стилі дегеніміз не? - Cұрақ-Жауап

Барокко (италяндық barocco
— әлеміш). — 17 ғасырдың
аяғы мен 18 ғасырдың 1-
жартысында Батыс Еуропада
дамыған архитектуралық
стиль. Барокко Қайта өрлеу
дәуірінен кейін пайда болып,
Еуропа архитектурасы
ауқымынан асқан бірінші
әлемдік стиль. Оның негізгі
ерекшелігі — көрнекі салтанат,
еңселілік, құрылыс жобасы
мен қасбетіндегі күрделі
формалар, мүсін мен архит.
өрнектерді шамадан артық
қолдану. Бароккода аумақты
мүсін мен кескіндеменің
ерекше дамығаны сонша, тіпті
негізгі архитектуралық
құрылыстың өзімен
“тайталасып” қалатын кездері
болған. Жалпы стильдік бағыт
сақталғанымен, әр елдегі
Барокконың өзіндік ерекшелігі
болды. Мысалы, Италия
архитектурасында
Барокконың стильдік
ерекшеліктері ғимараттың іші-
сыртына бірдей сіңіп кеткен.
Барокко стиль ретінде,
алдымен, Италияда
қалыптасты. Өйткені, 17
ғасырдағы ірі шеберлер:
архитектор әрі мүсінші,
Италияның ең үлкен
архитектор ансамблі — Әулие
Петр соборының алдындағы
алаңның авторы Л.Бернини,
Сан-Карло шіркеуінің авторы
Ф.Бароминни, Римдегі Санта
Мария шіркеуінің авторы К.
Райнальди, күрделі
композициялық шешімге әуес,
Туриндегі Кариньяно
палаццосының авторы Г.
Гваринилер осы стильде
жұмыс істеді. Ал Францияда
құрылыстың сырты
классикалық қалпынан көп
өзгермеді, бірақ ішкі әрлеуінде
ерекше байлық, салтанат (Во
Ле Виконт қорғаны, Версаль
сарайының cоғыс және
бейбітшілік залы) көз
тұндыратын. Бұл кезеңдегі
француз архитектурасына
классикалық сыртқы түр мен
Барокколық ішкі мазмұнды
қарама-қарсы қою тән болды.
Тұтастай алғанда, Франция
архитектурасы абсолютизм
идеясын (Версаль сарайы мен
паркінің жобасы) ашық
білдірді. Испанияның сол
кездегі әлеміш формаларға
жақын тұрған архитектурасы
Италия Бароккосын
қабылдауға жайлы жағдай
жасады. Мұндағы Барокко
жетістіктері Х. Чурригердің
және оның шәкірттерінің
(чурригереск мәнері, яғни
Чурригер енгізген ерекше
әлемнің безендіру бөліктері)
еңбектерімен тікелей
байланысты. Бельгияда
Барокконың дамуына Италия
мен Испанияны көп аралаған
атақты суретші П.П. Рубенстің
үлкен ықпалы болды.
Германияда бұл бағыттағы
құрылыс 18 ғасырдың
басында ғана өрістеді және
оны осы елдердегі
Барокконың жиынтығы деуге
болады. Өйткені, елдің батысы
мен Баварияға француз
құрылысшылары, солтүстік
аймағына нидерландтар,
оңтүстігіне италиянлықтар
қатты әсер етті. Барокко
стиліндегі айтарлықтай
сарайлар мен шіркеулер 17—
18 ғасырда Чехияда да (Черн
графтарының сарайы,
Прагадағы Әулие Николай
шіркеуі) тұрғызылды. 17
ғасырдағы төңкерістің әсері
тиген Англияның классикалық
архитектурасында да сол
кезеңнен бастап Барокко
белгілері қылаң берді.
Барокконың әлемдік
архитектуралық қазынасына
қосылуына мемлекеттер
арасындағы мәдени
байланыстар мен отарлық
үстемдік те ( Америкада) әсер
етті.

Киімдегі барокко стилі

Барок стилінің көңіл-күйі мен мәнері итальяндық «бароккодан» аударылған өз атауында жатыр, «асқақ, ақылды, қасірет». Бұл карнавалдардың стилі және жарқын, помпаны және керемет шикі бар бай мерекелер. Мұндай қызықты және ерекше стиль қайдан пайда болды?

Тарихи барокко стилі

Барокко 17 ғасырда Италияға кетеді. Бастапқыда ол өнердегі стилистикалық үрдіс ретінде пайда болды, бірақ ол дәуірдің сәнінде өзінің нұсқауын өте тез тапты. Anne және Serge Golon романдарына негізделген Анжелика сериясындағы фильмдерді көрген кез келген адам барок стиліндегі көйлектерді елестету оңай болады, себебі фильмдердің әсері осы стильдің гүлденуі кезінде орын алады.

Жалпы алғанда, барокко мінсіздік пен театрлылықпен ерекшеленеді. Барок киімдер өте жұмсақ, көп қабатты, қымбат бағалы текстуралы маталардан жасалған және бай безендірілген. Бұл стильдің сән-салтанаты табиғатта көрініс тапты және шамадан тыс культке айналды. Көйлектерде көптеген алтын элементтер болды, көйлектер белсенді кесте, кружево және күрделі конструкциялармен толықтырылды. Бүгінде барок шығармашылығы көне немесе антикварлық брошюралармен толтырылады. Бұл сізге көмектеседі винтаждық брошюрлердің интернет-дүкендері Filigranno.

Барокко дәуіріндегі әйелдердің пайда болуына қойылатын талаптар да ерекше болды: жоғары қоғамның ханымдары өте нәзік болды, сондықтан өте сусымалы корсет пайда болды. Ашық теріге және қызыл далапқа ие, жарқыраған және өте сирек киінген киімдердің үлкен әшекейлі әшекейлері әдемі тастармен әдемі және ерекше көрінеді.

барокко тарихи киімбарокко тарихи киімбарокко тарихи киім

XVII ғасырдағы киімдердегі бароккоXVII ғасырдағы киімдердегі бароккоXVII ғасырдағы киімдердегі барокко

барокко көйлекбарокко көйлекбарокко көйлек

Қазіргі барокко киімдері

Біздің күндердің киіміндегі барокко стилі әлдеқайда шектелген. Шын мәнінде, ол бай мен әдемі тарихи стильден бірнеше элементтерді алады, бірақ көйлектерді керемет және сәнді етіп көрсету үшін жеткілікті. Дизайндағы барокко стилінің ең адал жанкүйерлері - Dolce & Gabbana. Коллекцияларда қазіргі заманғы киімдегі бароккодың ең жарқын және көрнекті нұсқасын байқауға болады.

Біздің заманымыздың сәні гобелендерге немесе массажды зергерлік бұйымдарға арналған маталарды, алтын жалатылған қол кестесімен немесе көлемдік тамшылармен барок стилінен алынады. Осы стильдегі киімдер өте жиі корсет түрінде лиф, жұмсақ юбкамен біріктірілген. Жең ұзындығы өте маңызды емес: олар ұзын немесе қысқа болуы мүмкін, әдейі пушисте немесе мүлде жоқ. Бірақ бай және бай декор қажет. Ең жиі қолданылатын алтындатылған элементтер, кесте немесе кем дегенде текстуралы ауыр және тығыз маталар. Барок киімдерінің викториан стиліне тән әйелдікке арналған кеңістігі бар, бұл барокко ортақ ештеңе жоқ классикалық немесе кездейсоқ сияқты танымал заманауи стильдерді айтпайды. Барокко - екеуінің де бір түрі.

Тарихи және қазіргі заманғы барокко көйлектері сирек монофониялық. Гүл өсімдік дизайндары олар үшін әдетте танымал болып келеді, әдетте матаның формасы немесе мата тәрізді, кейде баспалар түрінде. Олардың қатарында сұлу үлгілер мен спираль үлгілері қолданылады. Барокко киіміндегі барлық әшекей әдетте өте үлкен.

Қазіргі барокко киімі тығыз ауыр материалдардан жасалған. Сән дизайнерлерінің сүйікті тәсілі - текстураға айтарлықтай ерекшеленетін маталар комбинациясы, мысалы, брокад және шілтер. Тігін ісі үшін жарқын және таза түстердің маталары алынады, ең танымал қара, алтын, қызыл, қара күлгін және зәйтүндік жасыл деп санауға болады.

Барок жиынтықтары шалбармен сирек кездеседі, әдетте юбка немесе көйлекмен курткалар жиынтығы. Көптеген стильдегі атмосфераны жеткізу үшін Baroque эстетикасындағы жиынтықтан бір нәрсе жеткілікті, екіншісі қысқа және жай ғана толықтыра алады. Бұл, әсіресе, барокко куртка костюмде болуы мүмкін, және юбка өте қарапайым, бірақ блуза немесе жоғарғы жібек немесе кружева болуы керек, курткалар сәйкес келетін белсенді декор элементтері болуы тиіс күнделікті садақтар үшін. Міндетті қосымша жиынтықтар белсенді және үлкен зергерлік бұйымдар.

барокко көйлектеріндегі қарама-қарсы текстураларбарокко көйлектеріндегі қарама-қарсы текстураларбарокко көйлектеріндегі қарама-қарсы текстуралар

қазіргі заманғы барокко көйлекқазіргі заманғы барокко көйлекқазіргі заманғы барокко көйлек

гүлдік әшекейлері мен кружевка стилі барокко стилінің тән ерекшеліктері болып табыладыгүлдік әшекейлері мен кружевка стилі барокко стилінің тән ерекшеліктері болып табыладыгүлдік әшекейлері мен кружевка стилі барокко стилінің тән ерекшеліктері болып табылады

Барек және Габбана коллекциясындағы барокко көйлекБарек және Габбана коллекциясындағы барокко көйлекБарек және Габбана коллекциясындағы барокко көйлек

алтын бау және барокко жиынтығында контрастын текстураларалтын бау және барокко жиынтығында контрастын текстураларалтын бау және барокко жиынтығында контрастын текстуралар

барок аксессуарларыбарок аксессуарларыбарок аксессуарлары

барокко макияжбарокко макияжбарокко макияж

заманауи барокко көрінісізаманауи барокко көрінісізаманауи барокко көрінісі

барокко фотосурет түсірубарокко фотосурет түсірубарокко фотосурет түсіру

Үлкен колясымен және атласты киіммен барокко көрінедіҮлкен колясымен және атласты киіммен барокко көрінедіҮлкен колясымен және атласты киіммен барокко көрінеді

Барок стилінің басты ерекшелігі - мұндай жиынтықтар: көңіл-күйдің атмосферасы, театрлылық пен тазалықтың артықшылығы. Егер Сізге киім киімі бароккодың қызықты және түпнұсқалық стилінде әсер етсеңіз, онда шкафқа ұқсас киімдермен тәжірибе жасаңыз.

Мәтін: Валентина Чайко
  • Виктория киім үлгісі>

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Барокко дәуірі

Орындаған:___________________

__________________

Тексерген:___________________

___________________

Қарағанды – 2014

Жоспар

КІРІСПЕ.......................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. Барокко дәуірі

1.1. Барокко дәуіріне жалпы сипаттама.........................................................4-5

1.2. Римдік Барокко.......................................................................................6-8

1.3. Ирандық барокко...................................................................................9-11

ІІ. Барокко дәуіріндегі мәдениет

2.1. Барокко дәуіріндегі музыка, сурет өнері...........................................12-13

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................14

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................15

Кіріспе

Жаңа заман стильдері — заман талабынан туған мәдени қажеттілік болып саналады. Солардың бірі — мәдениет саласындағы ескі дәстүрлер (готика) мен демократиялық еркін ойлау идеяларын өзара ұштастыра білген өнердегі мүлде жаңа стиль — барокко бағыты болды. Барокко — астарлы, әдептен тыс деген мағына береді. Оның әлеуметтік негізі — абсолютизм дәуіріндегі дворяндық мәдениет. Барокко — халықаралық құбылыс, ол әсіресе Италияда, Испанияда, Францияда, Германияда кең қанат жайды. Осы дәуірдің күрделі қоғамдық шиеленістері барокко өнеріне өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Сондықтан да болар, аталған елдердегі қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайлар адамдардың сана-сезіміне ғана емес, сонымен бірге осы бір өнер саласының қалыптасып дамуына да ерекше ықпал етті. Барокко стилі әсіресе сәулет өнері саласында айқын көрінді, осы стильде зәулім сарайлар мен парк ансамбльдері салынды. Олар тарихи кезеңнің куәгері, еуропа мәдениетінің баға жетпес ескерткішіне айналды. Шындығында да, Ағартушылық дөуірінде парктер мен бақтар — философиялық әңгімелер мен ойтолғаныстарының негізгі орталықтары болды. Олар — табиғат пен адамның, тіпті адамдардың қарым-қатынастарының өзара үндестік табуына себепкер болатын қасиетті орынға айналды. Парктер мен бау-бақшаларкомпозициясын музейлер мен театрлар, сурет галереялары мен кітапханалар, ғибадатханалар және т.б. мәдени ошақтар одан әрі түрлендіре түсті.[1]

Барокко»деген сөз «өзгеше»деген мағынаны білдіреді. Барокко стилі өте салтанатты және сәнді. Бароккода аумақты мүсін мен кескіндеменің ерекше дамығаны сонша, тіпті негізгі архитектуралық құрылыстың өзімен “тайталасып” қалатын кездері болған. Жалпы стильдік бағыт сақталғанымен, әр елдегі Барокконың өзіндік ерекшелігі болды.

І. Барокко дәуірі

1.1. Барокко дәуіріне жалпы сипаттама

Барокко (италяндық barocco - әлеміш) — 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың 1-жартысында Батыс Еуропада дамыған архитектуралық стиль. Барокко Қайта өркендеу дәуірінен кейін пайда болып, Еуропа архитектурасы ауқымынан асқан бірінші әлемдік стиль. Барокко»деген сөз «өзгеше»деген мағынаны білдіреді. Барокко стилі өте салтанатты және сәнді. Ал ғимараттар бейнелі және мүсінді, (қабырғалары бедермен безендірілген, бұрқақтары статуэтка түрінде жасалған қуыстар мен текшелерге мүсіндер қойылған, т. б.), интерьерлері жарық монорлы түстерге толы, (алтындандырылған күрделі безендірулер, үйдің төбесі өрнектелген, қабырғаларына айналар ілінген (хрустальды аспа шамдар, көптеген жабыстырмалы әшекейлер). Осыған байланысты Барокко дәуірінің костюмі бүтіндей сарайлық этикетке бағынышты болды. Костюмдер өте көп безендірулері бар салтанатты және кең етіп тігілді.Тың ағым ғажайып өзгешелігімен,бас айналдырар, шым-шытырық әшекейлерімен,адам ойлағаннан да асып түсетін безендіруі мен көрерменді таңдандырады.Бұл өнердің қызметін католик шіркеу иелері мен ел билеушілері жақсы пайдаланды.Осы өнер арқылы олар өздерінің мығым да,айбынды билігін, күшін көрсетіп бақты. Сондықтан да «барокко»өнері шіркеулер мен кароль сарайларында барынша өркендеді.Біртіндеп өзінің сипатымен бүкіл Европаны тәнті еткен бұл ағым-испандықтар арқылы Америкаға дейін тарады. Қазірге дейін Америкаға жайылған сол барокко ағымы «испан стилъі» деп атайды.

Оның негізгі ерекшелігі — көрнекі салтанат, еңселілік, құрылыс жобасы мен қасбетіндегі күрделі формалар, мүсін мен архит. өрнектерді шамадан артық қолдану. Бароккода аумақты мүсін мен кескіндеменің ерекше дамығаны сонша, тіпті негізгі архитектуралық құрылыстың өзімен “тайталасып” қалатын кездері болған. Жалпы стильдік бағыт сақталғанымен, әр елдегі Барокконың өзіндік ерекшелігі болды. Мысалы, Италия архитектурасында Барокконың стильдік ерекшеліктері ғимараттың іші-сыртына бірдей сіңіп кеткен. Барокко стиль ретінде, алдымен,Италияда қалыптасты. Өйткені, 17 ғасырдағы ірі шеберлер: архитектор әрі мүсінші, Италияның ең үлкен архитектор ансамблі — Әулие Петр соборының алдындағы алаңның авторы Л.Бернини, Сан-Карло шіркеуінің авторы Ф.Бароминни, Римдегі Санта Мария шіркеуінің авторы К. Райнальди, күрделі композициялық шешімге әуес, Туриндегі Кариньяно палаццосының авторы Г. Гваринилер осы стильде жұмыс істеді. Ал Францияда құрылыстың сырты классикалық қалпынан көп өзгермеді, бірақ ішкі әрлеуінде ерекше байлық, салтанат (Во Ле Виконт қорғаны, Версаль сарайының cоғыс және бейбітшілік залы) көз тұндыратын. Бұл кезеңдегі француз архитектурасына классикалық сыртқы түр мен Барокколық ішкі мазмұнды қарама-қарсы қою тән болды. Тұтастай алғанда, Франция архитектурасы абсолютизм идеясын (Версаль сарайы мен паркінің жобасы) ашық білдірді. Испанияның сол кездегі әлеміш формаларға жақын тұрған архитектурасы Италия Бароккосын қабылдауға жайлы жағдай жасады. Мұндағы Барокко жетістіктері Х. Чурригердің және оның шәкірттерінің (чурригереск мәнері, яғни Чурригер енгізген ерекше әлемнің безендіру бөліктері) еңбектерімен тікелей байланысты. Бельгияда Барокконың дамуына Италия мен Испанияны көп аралаған атақты суретші П.П. Рубенстің үлкен ықпалы болды. Германияда бұл бағыттағы құрылыс 18 ғасырдың басында ғана өрістеді және оны осы елдердегі Барокконың жиынтығы деуге болады. Өйткені, елдің батысы мен Баварияға француз құрылысшылары, солтүстік аймағына нидерландтар, оңтүстігіне италиянлықтар қатты әсер етті. Барокко стиліндегі айтарлықтай сарайлар мен шіркеулер 17—18 ғасырда Чехияда да (Черн графтарының сарайы, Прагадағы Әулие Николай шіркеуі) тұрғызылды. 17 ғасырдағы төңкерістің әсері тиген Англияның классикалық архитектурасында да сол кезеңнен бастап Барокко белгілері қылаң берді. Барокко заманында сәулетшілердің сәулеттік айшығы валюталар болды. Олар фасадтар мен терезе жақтауларына қолданылды. Барокко ғимараттары әр түрлі шым-шытырық роспистермен, мүсіндермен көмкерілді. Кереге мен төбедегі сұңғат шығармалары алданыш кеңістік ұғымын тудыратын. Барокко заманында мүсін өнері дамып, сәулет өнерінің бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасты. әр түрлі мүсін бейнелері сарай, бөлме ішін әсемдеуге, үйдің фасадтарын көркемдеуге қолданылды. Бұл мүсіндер орта ғасырдағыдай белгілі бір тақырыпқа құрылмады, олар тек әсемдік ролін атқарды. Сонымен қоса сәулет өнерінің толықтырушысы болып табылды. Сая бақтар мен сая жолдар ежелгі аңыздарға құрылған мүсіндермен көмкерілді. Мүсін тұғырлармен безендірілген неше түрлі фонтандар өмірге келді. Барокко мүсіні әдеттегіше өте қимыл-қозғалысты, бай киім киілген ке»йіпте бейнеленеді, сонымен қоса (егер жалаңаш күйде сомдалса) өте ойлы, маңызды түрде сомдалатынды.

1.2. Римдік Барокко

Барокко сәулет өнерінің туған Отаны-Рим болды. Бұл жаңа өнер ағымы шіркеу құрылыстарында кеңінен қолданылды.Соның бір айғағы-Римдегі Санта-Сусанна шіркеу ғимараты.Ғимарат екі қабатты, қанатты фасадтан тұрады. Фасадтағы жартылай діңгегтер мен пиластрлерден құралып, жоғарғы жағын үш бұрышты фронто»маңдайша шатыр»қамтиды.Ұзыншақ төменгі яруспен енсіз шағын жоғарғы ярус бір-бірімен екі бүйірінде»волюта»деп аталатын сәулеттік әшекеймен жалғасады. Барокко сәулет ғимаратының тән тағы бір ерекшеліктер, оның керегелері біресе ішіне кіріп,тіресе сыртқа шығып, түрлі иірімді «қозғалысты қимыл»жасап, түрлендіріп жасалатындығында. Осындай түрлендіріліп тұрғызылған сәулет ғимаратының шебер жобалаушысы атақты Франческо Борромини (1599-1667)болды. Сәулетшінің ғимараттарына тән нәрсе, қабырғаларының құбылмалы жасалуы еді. Сол кездегі аса ірі мүсінші және сәулетші италяндық Лоренцо Бернини (1598-1680) барокколық ағымды өркендетуде үлкен үлес қосты. Оның негізгі жұмыс аренасы – Рим қаласы болды, сондықтанда қаланың барокколық бет-бейнесін жасауда өзіндік із қалдырды. Суретшінің ең белгілі жұмыстарының бірі – мифалогиялық тақырыпқа құрылған жер асты патшасы Плутонның Прозерпинаны ұрлауы. Сонымен қоса «Экстаз әулие Тереза» жұмысы өзінің орындалуы, сомдалуы жағынан өте жоғары шеберлікпен салынған жұмыс екенін көрсетеді. Егер бұл жұмысқа аса ынта қойып қарар болсақ, мәрмәр тастан қашалған киім қыртыстары, ұлпа бұлт, адам қимылы аса бір әсем иірімдердің қабаттаса, жарыса өрнектелуімен көз тартады. Ең алғаш сұңғаттың да барокколық ағымы осы Италияда пайда болды (17 ғ.). италияның атақты сарайлары мен шіркеулері барокко стиліндегі сұңғаттармен безендірілді. Барокколық ағым негізін салушы Каррачилер семьясы сол кезде Болонье мен Римде антикалық тақырыпқа салынған көптеген роспистер жазып, жұмыстары ондаған жырдар бойы кейінгі толқын суретшілерге үлгі бола білді.

Рим бароккосының көрнекті өкілі — сәулетші, мүсінші Франческо Барромини (1599—1667). Оның Римдегі Сан Карло Алле Куатро Фонтане шіркеуі барокко стиліне сай және өзінің ерекшелігімен көзге түседі. Бұл ғимарат элементтері ірі және жылжымалы тәрізді. Ондағы періште бейнелері қабырғадағы сопақша гербті ұстап тұр. Барокко сәулетшілерінің ең ұнамды элементтерінің бірі — сопақша еді. Сан Карло шіркеуінің бұрышы кесілген және алдында фонтаны бар төрт мүсін орналасқан. Сондықтанда ғимарат атауы — Алле куатро Фонтане. Ф.Барроминидің екінші құрылысы — Сант Иво алла Сапиенда шіркеуі.

Барокко тамаша көріністерге бай болды. Римдегі барокко көрермендердің негізгі ансамблі ретінде қалыптасты. Олготика дәуіріндегідей сәулет өнерін, мүсін мен кескіндемені біріктірді. Барокко шеберлері өнерді табиғатпен байланыстырумен қатар театр құрды. Үлкен сарайларды — саябақтармен, демалыс орындарымен және су бұрқактармен әшекейледі.

Барокконың көрнекті мүсіншісі — Лоренцо Бернини.Ол ұзақ өмір сүрді, сарайда патша қарамағында қызмет істеді, көптеген тапсырыстарды асқан шеберлікпен орындады. Лоренцо Бернини — қасиетті Петр Соборын әрі қарай жалғастырып, әшекейледі.

Жалғыз ғана үлкен мүсіндер тобы Санта-Мария делла Виктория атты шағын шіркеуде орналасқан. Бұл мүсін Бернини шығармашылығын тереңінен ашады, ол мәрмәрден спектакль ретінде жасалды. Оның “Давид”, “Аполлон мен Дафна” атты шығармалары белгілі. XVII ғасырдағы Италия кескіндемесінде көрнекті суретшілер орын алды. Солардың бірі —Римде, Испанияда жұмыс істеген Микеланджело да Караваджо (1573—1610). Оның шығармалары: "Савлдың өзгеруі" (1600—1601). Мұндағы Савл — римдік әскери басшы, қасиетті христиан Павелге айналды. Метафоризммен катармифологиялық, библиялық (діни) көріністің көмегімен бейнеленген. Сызықтық композиция мен тұрмыстық жанр қолданылған. "Мария Құдай-апа әлімі" (1605—1606) — мұнда негізгі көрініс Мария өлімі."Табытқа салу" (1602—1604) — батырлық көрініс көтеріңкі бейнеленген. "Қасиетті Матвей" шығармасында алғаш рет қасиетті адамды қарапайым етіп бейнелейді.[4] Суретші көп жасамаса да, артына өлмес мұралар қалдырды, өмірді бар болмысымен қарапайым бейнелеуге бейім болды. Ол басқа суретшілер сияқты, мысалы: Тинтеретто мен Эль Грекодай стилизацйалы форьмаларды жазбады жөні жоқ мақсат етті. Кезінде Каравачо өз еңбектерінің ерекшелігімен аса кемеңгер шетберлігімен бүкілш Европаны тәнті етті. Суретші көбінесе жарық пен көлеңкенің тылсым табиғатын зерттей отырып, оны өз еңбегінде шеберлікпен пайделанды. Оның белгілі жұмыстарының бірі «корзинкамен жеміс –жидек ұстаған бала» атты туындысы. Мұнда суретші қарапайым қызметші баланы бейнелеген туындыдағы жеміс-жидек өмірдегідей, шыншылдықпен берілген. Суретші бейнелеген заттардың не нәрседен екенін керемет зерделікпен бейнелей білген. Караваджо жұмыстарын басқа жұмыстардан тез айыруға болады. ол көбінесе іңірдегі немесе ала көлеңкелі шаты бейнелейді. Бұл әдісті кейін көптеген суретшілер қабылдап өз еңбектерінде қолдануды мақсат етті.

ХI ғасырдың орта шенінде француз монах-шежірешісі Рауль Глабер жұрағаттарына шұбарланған латын тілмен мынадай жастық шақ естелігін арнады: «1000 жылдан кейін, көп ұзамай шіркеулер салу қайтадан басталады және мұның өзі барлық жерде дерлік қолға алнуда, бірақ негізінен бұл іс Италия мен Галлияда кең өріс алып жүргізілуде. Оларды тіпті ешқандайқажеті болмаса да салды, өйткені әрбір христиан қауымы көршілерінен гөрі анағұолым әсем шіркеулер салу үшін жарысқа түсуге асыққан. Тегінде, дүние өз өне бойын шіркеулердің ақ жасауына орау үшін өзінің ескі-құсқысын сілкіп тастағандай болады». Ол бір қатал, қатерлі, сонымен бірге, жасамраз да дәуір еді. Ол феодализмнің ең жоғары дамудәуірі болатын, демек, оны ізденіс дәуірі емес, әлументтік ұйымның тұрақты формаларын табу дәуірі, жасанды немесе кездейсоқ емес, ұлттық сана-сезімнің оянуынан табиғи түрде туған жаңа мемлекеттік құрылымдар дәуірі деп түсінген жөн. Иә ол енді ізденіс дәуірі емес, бір-бірімен қосылмай орта ғасырлардың бас кезіндегі дүниетанымға әсер еткен ағымдар мен тығыз қарым –қатынастардың және дәстүрлердің қандай да бір синтезін жас Европа тапқан уақыт еді. Сәулеткерлік бүкіл орта ғасырларда жетекшілік өнерге айналған, бұған сондағы нағыз асқаралы ғимарат құрылысы дәлел.

Орта ғасырлардың бас кезінде ғимарат қабырғалар мәні жағынан геометриялық және абастрактылы болып келетін әшекейлі ою-өрнекпен көз тартып тұратын. Роман өнері мұндай ою-өрнекті бейнелеу пластикасымен толықтырып, кейде тіпті, ауыстырып та отырады, бұл жағдай ою-өрнек функциясын жаңа сапада орындауға мүмкіндік берген еді. Сонымен, міне, ғимаратың тас тұлғасы шебер қырналған адам бейнелерімен ажарланатын болды. Ол бейнелер қандай да бір інжіл ертегісін көрнекті түрде елестететін көп фигуралы композицияға үнемі біріктіріліп отырылды.Болмаса осындай композицияның бейнелі құрылысын ақындайды. Мысалы, міне, «Құпия жиын», тамақтану сәтінде шәкірттерінің ортасында отырған Христос.Композиция әсем тимпанның жартылай шеңберінде-шіркеу порталы есіктерінің үстіңгі жағындағы аркамен көмкерілген кеңістікте өрбеиді. Фигуралардан суретшінің аса байқағыштығы айқын көрінеді. Бірақ олардың бір-біріне қарым-қатынасы бізге өмірде болатындай немесе болуға тиіс жағдай сияқты әсер бермейді. Бұл арада декоративтік өнер заңдарының ықпалы тиген. Жартылай шеңберлі алаңда тамақтанып отырғандардың фигуралары шыңы Христостың ең үлкен тұлғасы болып табылатын үлкен пирамида құрап, әр түрлі көлемдегі бейнелер болып шыққан немесе стол фигуралармен бірге тимпанға ұқсас болып жартылай иіліп тұрадыда, Христос тағы та өзгелерден шоқтықты болып көрінеді. Бұл жерде ең маңыздысы, жоғарғыдағы екі көріністе де тәңіріні көрнекі түрде дәріптеу және кеңістікті әсем толтыру сияқты негізгі екі міндет шешілген. Біздің алдымызда штрихтар емес, шиыршықтар мен сызықты әшекей емес, адам бейнелері тұр. Бірақ бұл композициянаң тұтас болмысыда, оның майда шүйдесіде қайталаулары, алмасулары, толысқан диагоналдары бар, геометриялық дәлдігімен симметриясы сақталған обстракты ою-өрнек істепті болып құрастырылған. Оның үстіне тұлғалардың ішінара әрбір өзгеріс сәндікке ықпал етіп қана қоймайды,сонымен бірге, белгілі бір фигураның да, бүкіл композицияның да бейнелі мәнерлігін ұштай түседі.Бұрынғы романдық және одан неғұрлым кейінгі бейнелеу өнері сияқты, мұнда да абстаркты ою-өрнекті циркуль мен сызғыш жүйелеп отырған[2].

Іі. Барокко дәуіріндегі мәдениет

2.1. Барокко дәуіріндегі музыка, сурет өнері

Барокко өнерінің негізгі түрлері парк және сарай ансамбльдері, діни сәулет, сәндік кескіндеме және мүсін, салтанатты репрезантативті портрет болып саналады.

Кескіндемеде барокко кескіндемелік таңба линияларын, массаны, көлем жасалатын жарық-көлеңкелі контрастыларды жоғары бағалайды. Мұндағы ең жоғары жетістіктер итальяндықтар Аннибале Каррачи (1560-1609 ж.ж.), Караваджо (1573-1610 ж.ж.), фламандықтар Питер Пауль Рубенс (1577-1640 ж.ж.), Антонис ван Дейк (1599-1641 ж.ж.) есімдерімен байланысты.

«Аласапыран кезеңнің» жалпы хаосынан шығу жолдарының бірі кейбір ғалымдардың, жазушылардың, философтардың өзіндік әдеби жанр - әлеуметтік утопияға көңіл бөлуі болды. Кампанелланың ізін қуушы француз жазушысы-еркін ойшыл Сирано де Бержерак (1619-1655 ж.ж.) болды. «Басқа Әлем немесе мемлекеттер мен Ай империялары» романында автор Айға ұшып барған кезді және оны мекен етушілердің әдеттері туралы әңгімелейді. Көптеген жазушылар, ойшылдар, суретшілер үшін «аласапыран кезеңнен» құтылу жолы Антика мұрасына бет бұру болды. Сол өткен заманнан жаңа дәуір заманында таппаған сұрақтарға жауап табуға тырысты. Бұған француз суретшісі Никола Пуссеннің шығармашылығы айғақ бола алады (1594-1655 ж.ж.). Оны антиканың табиғат пен адам арасындағы үйлесімі қатты қызықтырды.

Сурет өнері. 16 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырда Италия өнерінде бояуы бай, сәндіктің жоғары дәрежесіне көтерілген барокко өнері [мүсінші Л.Бернини, суретші Пьетро да Кортона (1596 – 1669)] басым бағыт болды. 16 ғасырдың аяғында Болонья мектебінде (М.Караваджо; Г.Рени, 1575 – 1642) академизм ағымындағы кескіндеме қалыптасты. Қазақ мемлекеттік көркемсурет музейінде Моретто да Брешианың (Алессандро Бонвинчино болуы мүмкін, 1498 – 1554 ж.) “Нәрестелі мадоннасы”, Лука Камбиазоның (1527 – 1585) “Алтын ғасыры”, Франческо Моланың (1612 – 66) “Аласталған Агариі” т.б. суретшілердің әр кезде, әр түрлі әдіспен орындаған шығармалары сақтаулы.

Музыканың дамуы. Соңғы Ренессанс дәуірінің музыка өнері Италия бароккосында көрініс тапты, жаңа жанр — опера пайда болуы соған байланысты. 1581 жылы В.Галилей "Ежелгі және жаңа музыка туралы диалог" деген пәлемикалық трактат жазды. Галилейдің ойларын 1570 жылда Флорентий камератасына біріккен бір топ ақындар, музыканттар және гуманист-ғалымдар қолдады. Бұл үйірменің кайраткерлері Я.Пери мен О.Ринуччини ең алғашкы "Дафна" және "Эвридика" (музыкасын жазуға 1600 жылы Дж. Каччини қатысты) операларын жазды. Кейінірек "Эвридика" операсына Дж. Каччини либретто жазды; ол "Жаңа музыка" деген бір дауысты мадригал мен ария жинағының авторы; өз операларына төн стилистикалық принциптерді дамытқан. Бұл мәнерге "жаца стилъ" немесе "бейпелеу стилі" деген ат берілді. К.Монтеверди операға драматизмді кіргізді, оның шығармашы- лығының шыңы — "Помпейдің таққа отыруы" операсы. Венецияда операны бәрі көре алатын болды, ал 1637 жылы мұнда ең алғашқы "Сан-Кассиано" деген опера театры ашылды. Мифологиялық тақырыптың орнына тарихи сюжеттер, драмалық және батырлық, комедиялық және фарстық тақырыптар енді. Римде комедиялық опера жанрының үлгілері пайда бола бастады ("Кезбе де уміттенеді" Моццокки және Мараццоли, 1636; "Жаман айтпай жақсы жоқ" Аббатини және Мараццоли, 1653). М.А.Чести операларында вокалды рөлдер көбейді. Оның "Алтын алма" (1667) операсы Еуропа елдерінде көрсетіле бастады. XVII ғасырда соңында Италия операсының дамуындағы негізгі рөл Неапольға ауысты. Неаполитандық опера мектебінің алғашкы ірі кайраткері Ф.Провенцале, бірақ оның негізгі басшысы А.Скарлатти болды. Ол опера-сериа түрінің типтік белгілерін бекітті. Ол ән айту және аспапты опера түрлерін байытып дамытты, сонымен қатар ол Италия операсының увертюраларын жасады. Операмен тығыз байланыста әдеби емес діни өнер — оратория жаңа жанры дамыды. Бұл Дж.Кариссими шығармашылығында өзіндік орыналды. Кейін А.Страделла ораторияға драмалық патетика элементтерін енгізді. Дж.Кариссими мен Л.Росси ораторияға туыс камералық кантата жанрының шеберлері болған. Шіркеулік музыка авторының ішінде Г. Аллегри, П.Aгостини, О.Беневолиді атап өтуге болады.[4]

About Author


alexxlab

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *